• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 24 Мамыр, 2023

Қазселденқорғау ісі бойынша тергеу амалдары аяқталды

426 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы «қамқорлығы» үшін кәсіпкерлерден сомасы 396 млн теңгеге ірі және аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталды.

Тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауда отыр.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.