• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2023

Шымкентте мыңнан астам ерлі-зайыпты некесін онлайн тіркеді

259 рет
көрсетілді

Бұл туралы Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша мобильді қосымша арқылы 1434 неке тіркелген. Баланың туу туралы куәлігін алуға 60 мыңнан астам өтінім, ЖШС-ні тіркеуге 160-қа жуық өтінім берілген. Сондай-ақ заңды тұлғалар туралы 3 мыңға жуық және жылжымайтын мүлік бойынша 200 мыңға жуық мәліметтер берілгені белгілі болды.

Сонымен қатар Әділет вице-министрі Әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары туралы және қолданыстағы заңнама аясындағы өзекті өзгерістерді атап өтті. Бекболат Молдабеков өткен жылы заңнамаларды өзгерту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

«Мәселен саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін реттейтін заңдар өзгертілді. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап елде Конституциялық сот жұмыс істейді. Енді Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің барлық азаматтары Конституциялық сотқа жүгіне алады», деді ол.