Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысындағы екінші матчта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін әлемнің 119-ракеткасы, финляндиялық Отто Виртаненмен ойнады.
Бірінші партияда қарсыласы Виртанен 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 6:2 есебімен жеңді. Үшінші, шешуші партияда Скатов 7:5 есебімен ұтып кетті.Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші іріктеу сынындағы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған канадалық Габриэль Диалломен өткізіп, жеңген еді.