• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2023

Самокаттың қазақшасы «белесепет» пе еді?

836 рет
көрсетілді

«Самокат» сөзінің қазақша аудармасы termincom.kz бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасында «белесепет» деп тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл сөздің қазақша баламасы көп. Мысалы, электрлі самокат, сырғуыш, тоқ сырғуышы, тіпті кей жерде скутер деп те айтыла береді екен. Алайда, бұл қаншалықты сәтті аударма?

Алдымен самокат сөзінің мағынасына тоқтала кетейік. «Самокат» сөзі орыс тілінен аударғанда «өзі сырғанайтын; өздігінен сырғанайтын» деген мағынаны білдіреді. Самокат - аяқты орнынан тұрып итеру арқылы қозғалатын қозғалыс құралы. Ол тек жеке көлік ретінде ғана емес, сонымен қатар ойыншық түрі, спорт және дене шынықтыру құралы ретінде де қолданылады.

Сондай-ақ ағылшын тілінде самокат сөзі scooter (скутер) деген қолданысқа ие. Соңғы кездері бұл сөзді қазақ грамматикасында да жиі кездестіретін болдық. 

Ал қазақ тілінде бұл сөзді termincom.kz бірыңғай республикалық терминологиялық электронды базасы «белесепет» деп аударған екен. Бұл қаншалықты дұрыс?