• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Мамыр, 2023

«Бастысы - ол балалардан оқшауланды». Оқушыны зорламақ болған мұғалімге қатысты түсініктеме берілді

232 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрлігі Алматы облысындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру мұғалімі тарапынан кәмелетке толмағандарды зорлау әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналистер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан14 жастағы оқушыны зорламақ болған 53 жастағы дене шынықтыру мұғаліміне қатысты тергеу амалдары жайлы сұрады. Бұл оқиға әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланған еді.

Министрдің айтуынша, аталған іске қатысты тергеу амалдары оның жеке бақылауына алынған. Сондай-ақ бұл істі министрлікке қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшысы Насымжан Оспанова қадағалайтыны қоса айтылды.

«Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды. Мұғалім жұмыстан шеттетілді, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Бұл іс Ішкі істер министрлігінің бақылауына да алынған», деді Насымжан Оспанова.

Оның айтуынша, тергеу құқықтық салада жүріп жатыр, мұғалімді жұмыстан шығару мәселесін сот шешетін болады.

«Ең бастысы – ол балалардан оқшауланды», деді ведомство басшысы Ғани Бейсембаев.

Еске сала кетсек, Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 14 жастағы мектеп оқушысы 53 жастағы дене шынықтыру пәні мұғалімінің үстінен шағымданған. Қыздың айтуынша, мұғалім қызды жұмыс кабинетіне кіргізіп тиіскен.