• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2023

«Жезқазған – жерұйығым жүректегі»

687 рет
көрсетілді

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ғалым Жайлыбайдың Жез­қазған қаласындағы жыр кеші осындай тақырыппен өтті.

Тырнақалды өлеңдері бұ­рынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде жа­рық көрген ақынның алғашқы жыр жинағы 1988 жылы «Жа­нымның жапырақтары» деген атпен шыққан еді.

Үнемі шығармашылық өсу үстінде болған Ғ.Жайлыбай кейін жиырма шақты кітаптың авторы атанды. 2014 жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, 2018 жылы тү­рік тілінде «Янки» атты бір том­дығы жарық көрді. Ақын­ның өлеңдері мен поэма­ла­ры әлемнің 20-дан аса мем­лекетінде басылып шықты. Қарағанды лагері туралы жа­зылған «Қара орамал» 2017 жылы поэмасы Швецияның Стокгольм қаласында өткен VI «Ореn Eurasian» әдеби бай­қауында үшінші орынды иеленді.

Ғ.Жайлыбай Халықаралық «Алаш» сыйлығының, Ресей Жазушылар одағының С.Есе­нин атындағы алтын меда­лінің иегері. Ол Баянауыл және Жаңаарқа ауданының Құр­метті азаматы атанған.

Жезқазғандағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өткен кеште ақынды Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Ғ.Құсманғали құттықтады, жырсүйер елдің атынан сый-сияпатын табыстады.

Кеш барысында ақындар С.Рахмет, А.Ахметбеков, С.Ақ­­­­сұңқарұлы, Б.Мырза­бе­­ков, Ғ.Еш­танаев, М.Сейт­қа­зи­нов, А.Ораз ақжарма ті­­лек­терін арнау жырмен жет­­кізді. Ақынның өлеңде­ріне жазылған әндер де шыр­қалды.

Кеш иесі жылы құшағына алып, кең пейілін танытқан туған жердің халқына шынайы ал­ғысын білдірді, жырдан ша­шу шашты.

Режиссер Теміржан Жан­­ботаев сахналаған «Қара орамал» спектаклі екі күн қа­та­ры­нан С.Қожамқұлов атын­дағы Жез­қазған театрында қойылды.

 

Жезқазған