• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2023

Ақтөбе облысында алаяқ зейнеткерлердің 5 миллион теңгесін қолды қылған

441 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысындағы бірнеше зейнеткердің 5 миллион теңгесін ұрлаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысы полиция департаменті хабарлағандай, алаяқ егде жастағы әйелдерге телефон соғып, туыстарының оқыс оқиғаға ұшырағанын айтып, олардың көмегі қажет екенін түсіндірді. Салдарынан қарттар барын беріп, жиған-тергенінен айырылып қалған. 

Қылмыстың құрбандары - 83, 87 және 90 жастағы қарт адамдар. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 18 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы «Екі немесе одан да көп адамға қатысты ірі көлемде алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.