Қостанайда 13 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға 27 мамыр күні сағат 11:00 шамасында Шаяхметов көшесіндегі №169 үйде болған.
Оқиғаның куәгері болған көршілер полиция мен жедел жәрдемге хабарлаған. Олар жұмыста болған ата-аналарына да телефон соқты.
Жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ пәтерде тоғыз жасар сіңілісі мен екі жасар інісі болған.
Қостанай облысында жыл басынан бері балалардың терезеден құлау оқиғасы сегіз рет тіркеліп отыр.