Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазақфильм» киностудиясында декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құрал-саймандары мен терезе ойықтары өртеніп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«28 мамыр күні сағат 12:22-де Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайы бойынша «Қазақфильм» АҚ-да алдын ала 10 шаршы метр аумақта декорация жасайтын ағаш шеберханасының жұмыс үстелі, құрал-саймандары мен терезе ойықтары өртенді», деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт 12:40-та оқшауланып, 12:42-де жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр