• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 29 Мамыр, 2023

Президент қағаз өнімдерін шығаратын фабрикаға барды

376 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында «РимҚазАгро» ЖШС-нің қағаз өнімдерін шығаратын фабриканың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өндіріс орнын аралап көрген Қасым-Жомарт Тоқаевқа фабрика жұмысының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна қағаз өнімін өндіре алады. Құйылған инвестиция көлемі – 2,5 миллиард теңге. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жобаны субсидиялауға қаржы бөлінген.

Қағаз өнімдері фабрикасы – көпсалалы «Радуга» компаниясына қарасты кәсіпорындардың бірі.  Жалпы аумағы 37,7 гектар болатын индустриялық кешенде  бұған дейін халық тұтынатын тауарлар мен азық-түлік шығаратын бірнеше кәсіпорын ашылған. Қазіргі кезде өңір халқын жыл он екі ай көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін жылыжай құрылысы жүріп жатыр.  

Президент елімізде «қарапайым заттар экономикасын» дамытуға және халық тұтынатын тауар түрлерін кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтіп, кәсіпорын басшылығына сәттілік тіледі.