• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2023

«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды

427 рет
көрсетілді

Желілік талдау нәтижесінде онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунт анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Негізінен бұл карта ойыны, сүйек лақтыру және онлайн рулетка. Барлық жерде принцип бірдей. Бәс тігуге шақырады. Оның төрттен бірі ұйымдастырушыда қалады, қалғанын жеңімпаз алады. Бәс тігулерді қабылдау және ұтыстарды беру банктік онлайн аударымдар арқылы жүзеге асырылады. Желілік талдау нәтижесінде біз онлайн ойынды тарататын 100-ден астам аккаунтты анықтадық», делінген ҚМА хабарламасында.

Сондай-ақ ҚМА қызметкерлері ұйымдастырушылар мен қатысушылардың әрекеттері заңсыз екендігін еске салды.

«ҚР ҚҚ 307-бабында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазірдің өзінде сотталғандар бар. Мәселен, «TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырған Алматы қаласының 2 тұрғыны 4 айда 13 млн теңгеге жуық табыс тапқан. Тергеу қорытындысы бойынша олар 1,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар қазір сотта «TikTok» желісінде ұқсас мазмұндағы контент үшін 4 ұйымдастырушыға қатысты іс қаралып жатыр.

«Құрметті азаматтар, қырағы болып, осындай құмар ойындарға араласпауларыңызды сұраймыз. Бұл заңға қайшы. Сондай-ақ ата-аналардан балаңыздың мінез-құлқына, оның көретін контентіне және оның онлайн саудасына назар аударуын сұраймыз», деп ескертті ҚМА қызметкерлері.