Ресейдің «Металлург» хоккей клубы мен қазақстандық форвард Никита Михайлис келісімшарт жасасты. Қазақстан құрамасының 27 жастағы шабуылшысымен жасалған келісім бір жылға есептелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Никита Михайлис мансабының біраз бөлігін «Барыс» хоккей клубында өткізді, ал кәсіби хоккейдегі мансабын «Барыс Астана-2» командасынан бастады, кейін «Қар барыстары», «Номад» және Өскемендегі «Торпедо» командалары сапында да өнер көрсеткен.
2014 жылдан бастап Михайлис «Барысқа» тартыла бастады, біртіндеп негізгі құрамның ойыншысы да болды. 2021/22 маусымда Никита 46 (19+27) ұпай жинап, жеке ұпай рекордын орнатты. Ал келесі жылы шабуылшы команда капитаны атанды.
Қазақстандық форвард U-18 командасынан бас командаға дейінгі жолды жүріп өтіп, ел құрамасының құрамына кірді.
Айта кетсек, Никита Михайлис Латвиядағы 2023 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде ҚХЛ-дан үздік хоккейші атанды. Сол кезде Михайлис жеті матчта екі шайбаны лақтырып, үш нәтижелі пас берді.