Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 11:14-те Тереңкөл ауылында баланың кір жуғыш машинаға кептеліп қалғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері барып, арнайы құралдардың көмегімен баланы алып шыққаны нақтыланды.
Қазір баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.