• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Мектеп 30 Мамыр, 2023

Кембридж мойындаған мектеп

534 рет
көрсетілді

«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқу, бағалау жүйесі мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлейтін құқыққа ие болды. Бұған дейін мектеп халықаралық стандарттарға сай оқыту бағдарламаларын Кембридж университетімен арнайы серіктестік деңгейінде дайындап келген еді.

Ұйымның «Педагогикалық өлшеулер» және «Білім беру бағдарламалары» орталығы отандық білім кеңістігінде екі тәуелсіз институтқа айналды. Сонымен қатар «NIS-Programme» және «NIS Grade 12 Certificate» бағдарламалары халықаралық деңгейде британдық «GCE AS/A-level» деңгейімен қатар бағаланады.

– Кембриджбен ұзақ мерзімді жұмыс барысында біз білікті мамандарды даярладық. Бірнеше жыл бойы жинақталған тәжірибені еліміздің және шет мемлекеттің білім салаларына енгіздік. Енді халықаралық дәрежеде мойындалған оқу бағдарламалары мен бағалау құралдарын өзіміз әзірлейміз. Бірақ Кембридж университеті ак­кредиттеу талаптарына сәй­кес, Назарбаев зияткерлік мек­тептерінің үдерістеріне ау­дит пен мониторинг жүр­гі­зуді жалғастыра береді, – де­ді­ «Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері» дербес білім беру ұйы­мы­ның­ басқарма төрағасы Әнуар Жан­ғозин.

Кембридж білім беру­ серік­тес­тігі мектеп басшылығын осы ба­ғытта қолдап отыр. «Назарбаев зияткерлік мектептері небәрі он жыл ішінде Кембридж сияқты білім берудің жоғары стандарттарына қол жеткізді. Бұл басшылық пен ұжымның еңбекқорлығын көрсетеді», дейді бағдарлама жетекшісі Элисон Бролли.

Сондай-ақ зият­керлік мектептердің отан­дық­ және халықаралық оқу­-ағарту саласына енгізген тың жаңалық­та­ры мен оқушылардың білім көр­сеткіштерін 7 халықаралық ұйым мен 44 шетелдік жоғары оқу орны мойындағанын еске сала кетейік.

 

Мерей АУҒАЛИ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті