• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 31 Мамыр, 2023

Студенттерге арналған 5 жатақхана салынады

363 рет
көрсетілді

Астанада биыл 1 900 орынға арналған 5 студент­тер жатақханасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Ал 2025 жылға қарай жеке инвесторлар мен жоғары оқу орындарының меншікті қаражаты есебінен 11 мыңға жуық орынды қамтитын жатақ­ханалар салып, тапсыру жоспарда бар.

Астанада қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен Ғы­лым және жоғары білім м­и­нистрі Саясат Нұрбектің қа­тысуымен студентт­тер жа­тақханаларын са­лу бойын­ша жобалық кең­се ашылды. Фронт-офистің негізгі міндеті – жатақханалар салу жөніндегі мемлекеттік бағ­дарламаны іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және студенттерді тұр­­ғын үймен қамтамасыз ету, сол сияқты ЖОО-лар мен әлеует­ті инвесторларға заң­гер­лік, консультациялық жә­­не сараптамалық қолдау көрсету.

«Елордаға оқуға келетін студенттер саны жыл са­йын артып келеді. Қалада 15 жо­ғары оқу орны бар, онда 67 мыңға жуық студент оқи­ды. Олардың бір бөлігі  бұл қаладан емес. Жауапты министрлікпен бірлесіп инфрақұрылымды құру бо­йынша жұмыс жүргіземіз. Жатақханаларда кезең-ке­зеңі­мен орын дайындай­мыз. Бұл жұмыс инвестор­ларды да, жоғары оқу орын­дарын да жұмылдыра оты­рып жүргізіледі. Біз өз та­рапымыздан жер учас­ке­лері мен әкімшілік мәсе­ле­лер бойынша көмек көрсе­теміз», деді Астана әкімі Ж.Қасымбек.

Биыл «Қаржы орталы­ғы» АҚ Ғылым және жоға­ры білім министрлігі әзір­леген жаңа тетік бойынша субсидиялауға және бас­қа да мәселелерде көмек көрсе­теді. Бұл тетік жаңа жа­та­қха­налар салу кезінде әрбір төсек-орын үшін субсидиялауды көздейді.

Инвесторлар, Ғылым жә­не жоғары білім министр­лігі, Астана әкімдігі, «Қар­жы орталығы» АҚ және бірқатар ЖОО арасында студенттік жатақханалар салу бойынша ары қарай да жемісті ынтымақтастық орнату туралы меморандумдар жасалды.