• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2023

Өлшем бірлігіндегі өзгерістер

410 рет
көрсетілді

Бүгінгі күні қоғамдық өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқындылығын арттыру және еңбек өнімділігі мен өнімдердің сапасын жетілдіру бағытындағы жұмыстарды тек стандартты қолдану арқылы іске асырылып отыр.

Осы мақсатта   өнім мен  қызметтің бәсекеге қабілеттілігін,  сатылым на­ры­­ғындағы стандарттың сәйкес­ті­гі тұтынушылар талаптарын қанағат­тан­дыруда стандарттау, сертификаттау және метрология сапаның  басты қозғалыс кепілі  ретінде есептеледі. Әсі­ре­се, халық шаруашылығы үшін  мет­ро­логияның қызметі аса жоғары. 

 Елімізде жыл сайын 20 млрд өлшем  бірлігі жүргізіліп, барлық өңірлерінде 18 аккредиттелген зертхана, жоғары дәлдіктегі 2 мыңнан аса эталондық жаб­дық бірлігі мен 20 мыңнан астам бағы­ныстағы өлшеу құралы  бар.

Тәуелсіз мемлекеттер достас­ты­ғы­ның Үкіметаралық ұйымы «Стан­дарт­тау, сертификаттау және метрология» жөніндегі мемлекетаралық кеңес туралы ережеге  сәйкес  жұмыстарды ұйым­дастырып әрі жүргізіп келеді.

Стандарттар бюросы қызмет­кер­лерінің негізгі функцио­нал­дық мін­деттеріне стандарттаудың  IGU халық­аралық және ISO аймақтық ұйы­мы метрология мен сертификаттау бойынша Еуро-Азия кеңесінде ТМД-ның 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілген. Бұл ретте экономикалық даму стратегиясы техникалық рет­теу­ді, мемлекетаралық стандарттау­ды, метрологияны, сәйкестікті баға­лауды, аккредиттеуді, халық­ара­лық ұйымдардың нормалары мен ереже­ле­ріне сай жүктелген ынтымақ­тастық ба­ғыт­тар аясында  жұмыс­тар іске асырылуда.

Осыған орай  Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкіл­дері таяуда Мәскеу қаласында өткен «Шекарасыз метрология» форумына  қатысты.

Мемлекетаралық кеңестің метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының 57 және метрология саласындағы негізгі құжаттарға байланысты жұмыс тобының 22-отырысына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан және  Өзбекстан  елдері  метрология, аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдары мен  ТМД-ның  атқарушы комитетінің және стандарттар бюросының мамандары болды.

Шараға қатысушылар өлшем бірлі­гін қамтамасыз ету саласындағы норма­тив­тік құжаттарды әзірлеу және қайта қарау бойынша бірқатар маңызды мәселелерді  талқылады.Онда ПМГ 06-ға «Сынақ нәтижелерін тану және өлшеу құралдарының түрін, бастапқы тексеруді, метрологиялық аттестаттауды бекіту тәртібі» жаңа редакциясында ескертулер мен ұсыныстарды,  мемлекеттік тексеру схемаларына елдерде  қолданылатын мемлекетаралық стандарттар мен  мемлекеттік тексеру схемаларына мемлекетаралық стандарттарды жою жөніндегі ұсыныстар туралы Ұлттық органдардың ақпарат­тары қаралып,  өлшем бірлігін қамта­ма­сыз ету бойынша негізгі нормативтік құ­жат­тарды әзірлеу және қайта қа­рау бағдарламасын іске асыруда бел­гі­лен­ген бағдарлама мақұлданды.

Стандарттау бойынша халық­ара­лық кеңесі мен Метрология сала­сындағы ғылыми-техникалық комис­сия­сының алдыңғы отырысында қа­был­данған шешімдерге  орай, ұсы­ным­дардың орындалуы және өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі жұмыстар  талқыланғаны бар. 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған  СХК  даму стратегия­сын  жүзеге асыруда 2015 жылы 29 мамырдағы өлшеу құралдарының типін бекіту, метрологиялық аттестаттау, тексеру және калибрлеу мақсатында сы­нақ нәтижелерін өзара тану туралы келісім аясында біраз мәселе қара­лып,  қатысушылар  қолданыстағы  өлшеу құралдарын тексеруаралық интер­валына салыстырмалы талдау жүргізуде Қазақстан-2, Беларусь-4, Ресей-64 және  Өзбекстан-2 типті мем­лекетаралық стандарттау үлгілері ре­тінде тану мүмкіндігі жөнінде Ұлт­тық органдардың ұсыныстары   мақұлданды.