• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Инфографика 01 Маусым, 2023

Жиғаныңыз қайда инвестицияланады?

222 рет
көрсетілді

Елімізде зейнетақы жинақтары ұзақмерзімді инвестициялар ретінде саналып, кем дегенде бір жыл мерзімге инвестициялық кіріс сомасы талданады. Негізінен зейнетақы активтерін басқарушы және Бірыңғай зейнетақы қоры арасында жасалатын шарт салымшылардың мүддесін қорғайтын ұйым тұрғысынан есептеліп, шарттың үлгілік нысанын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік-құқықтық актісі анықтайды.

Аталған агенттік басқарушы компаниялардың қызметін реттеу шеңберінде зейнетақы активтерін, кредиттік сапасы мен инвестициялай алатын қаржы құралдарының тізбесін белгілеп, БЖЗҚ-ның ак­тив­терін сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен салымшының таңдауындағы инвестициялық портфельді басқарушылар жүзеге асырады. Зейнетақы ақшасына сатып алуға болатын қаржы құрал­да­рының тізімін Үкімет бекі­теді. Басқару тиімділігін арттыру және инвестициялық бағыттар бойынша ұсыныстарды Ұлттық қордың басқару кеңесі әзірлейді.

 Сонымен биыл мамыр айында елімізде зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 15 677,57 млрд теңгені құраған. Ұлт­­тық банктің сенімгерлік бас­қа­руындағы БЖЗҚ зейнетақы актив­тері 15 668,2 млрд теңге, инвес­ти­циялық портфелін бас­қару 9,37 млрд теңгеге жетті. Қаржы минис­трлігінің мем­ле­кеттік баға­лы қағаздары – 47,38%, квази­мем­лекеттік компаниялардың об­лигациялары – 10,86%, екінші дең­гейлі банктердің облигация­лары мен депозиттері – 6,98%, шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 4,60%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,43% және біздегі эмитенттердің мемлекеттік емес облигациялары – 0,10%-ды құра­ған.

Зейнетақы активтерімен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталардың инвестициялық портфелі жө­нін­де ұлттық валютадағы ин­вес­ти­ция­лар – 70,89%, АҚШ долларында – 29,06%, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,05% болып отыр. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде депозиттер мен кері РЕПО операция­лары және бағалы қағаздарды на­рықтық қайта бағалаудан түс­кен кірістер 508,96 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер – 25,43 млрд теңгені құрады, өзге кірістер 1,59 млрд теңге болды.

Бүгінгі күні ел азаматтарының зейнетақы активтері мемлекет­тік бағалы қағаздарға, квази­мем­­­лекеттік сектордағы ком­па­ния­­лардың бағалы қағаз­дарына, корпоративтік облигациялар мен еліміздегі эмитенттерінің акция­ларына, екінші деңгейлі банк­тер­дің және шетелдік банк­тер­­дің депозиттеріне, сенімді ше­тел­дік эмитенттердің құрал­да­ры­на инвестицияланады.

Бұл ретте шетел валютасын қайта бағалау 54,16 млрд тең­ге көлемінде шығын әкел­ген. Зейнетақы активтері ин­вес­тиция­лық портфелінің құрал­дары, оған қажетті салалар мен валю­­талар бойынша әртарап­тан­­дыруға байланысты осы жылдың сәуіріндегі жиынтық кіріс­тілігі оң көрсеткіште болды. Инвес­ти­циялау қызметінде валюта ба­ға­мының тұрақсыздығы мен қар­жы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс сомасы 481,82 млрд теңге шамасында. Салымшылардың шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірісі осы жылдың басында 3,13% болса, инфляция кезінде 4,20%-ды құрады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры­ның салымшылары үшін өткен жылдың мамырынан биыл­­­ғы сәуірге дейінгі ара­лық­­та ­зей­­нетақы активтерінің кіріс­і – 8,93%.

Инвестициялық портфельді басқару жөнінде биылғы жылы «Jusan Invest» сенімгерлік бас­қа­руын­дағы зейнетақы активтері 4,13 млрд теңгені құрады. Компа­ния­ның ең қомақты инвестиция­лары Қаржы министрлігінің мем­лекеттік бағалы қағаздары – 35,29%, биржаның сауда қор­ла­рының акциялары – 32,73%, Ұлт­тық банк ноталары – 21,87%, шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаз­дары – портфельдің 8,80%-ы Портфельдің 58,40%-ы теңгемен ұсынылғанын ескере отырып, 41,60%-ы АҚШ долларымен бол­ған. Инвестициялық қызмет нәти­жесінде, сондай-ақ валюта бағамының тұрақсыздығына және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне орай, осы жылға есептелген инвестициялық кіріс сомасы 222,61 млн теңге, зейнетақы активтерінің табыс­ты­лы­ғы – 5,10%.

«Halyk Global Markets» се­нім­ді басқаруындағы зейнет­ақы активтері 2,56 млрд тең­ге­ні құрады. Портфельдік құры­лым­дағы негізгі инвестициялары – кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 32,65%-ды, квазимемлекеттік ұйымдарының обли­гациялары – 19,65%, шетел­дік эмитенттердің үлестік құрал­да­ры (ETF бірліктері) – 14,84%, микроқаржы ұйымының облигациялары – 9,92%, Ұлттық банк ноталары – 9,23%, шетелдердің орталық үкіметтері шығарған мем­ле­кеттік мәртебесі бар ба­ға­­лы қағаздары – 6,94%, ұлт­тық валютадағы инвестиция порт­фельдің 78,19%-ын, АҚШ дол­­ла­рымен – 21,81%-ын құра­ды. Сонымен жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс сомасы 115,26 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің табыс­тылығы – 4,09%-ды құ­раған. «BCC Invest» сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 1,44 млрд теңгені, инвестицияның негізгі ба­ғыт­та­рының ішінде мем­ле­кет­тік облигациялар – 27,46%, ква­зи­мемлекеттік ұйым­­дарының обли­га­цияла­ры – 16,11%, акциялар (индекс бо­йынша ETF) – 10,42%, микроқаржы ұйымы – 5,91%, елі­міз­дің резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,29%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – портфельдің 4,36%, инвестициялық шот­тар­дағы ақшалай қаражат 28,53%,порт­фельдің 76,91%-ы ұлт­тық валютадағы құралдарға, 23,09%-ы АҚШ долларында салынған. Инвестициялық қызмет нәтижесінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс сомасы 56,76 млн теңгені құрап, зейнетақы активтерінің табыстылығы – 3,47% болды. Есептелген инвестициялық кіріс­тің біршама бөлігі бағалы қағаз­дар­ды, оның ішінде депозиттер мен кері РЕПО операциялары сыйақыға ие болған.

«Сентрас Секьюритиз» сенім­гер­лік басқаруындағы БЖЗҚ зей­нетақы активтері 994,32 млн тең­гені құрады. Активтердің 61,81%-ы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына са­лынған. Инвестициялық шот­­­тардағы қолма-қол ақша 11,52% болды. Еліміздің ұйым­дары шығарған акциялар мен депозитарлық қол­хат­тар – 8,76%, квази­мем­ле­кет­тік ұйымдардың облигациялары – 8,66%. Портфельдің 77,99%-ы ұлттық валютадағы құралдарға, 22,01%-ы АҚШ долларында са­лын­ған. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының на­рық­тық құнының өзгеруі нәти­же­сінде есептелген инвес­ти­ция­лық кіріс 32,12 млн теңгені құрап, зейнетақы активтерінің табыстылығы – 2,98% болды.

«Halyk Finance» сенімгерлік бас­қа­руындағы зейнетақы актив­тері – 248,53 млн теңге. Порт­фель­дік құрылымдағы инвестициялар, кері РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 60,85%, ин­вестициялық шоттардағы қа­ра­жат – 12,00%, микроқаржы ұйымы – 6,81%, Ұлттық банк ноталары – 6,81%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 4,91%, портфельдің 100%-ы ұлттық валютадағы құралдарға салынған.

Инвестициялық қызмет нәти­же­сінде жыл басынан бері есептелген инвестициялық кіріс сомасы 6,16 млн теңгені,зейнетақы ак­тив­терінің табыстылығы – 4,81%-ды құраған.