Синоптиктер 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде +36+41°С, шығыста күн +33+39°С-қа дейін, орталықта +33+41°С-қа дейін, оңтүстікте +37+44°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +30+39°С-қа дейін ыстық болады.
«Тек елдің батыс облыстарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады», делінген хабарламада.
Болжам бойынша, республиканың оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен жел күшейеді.