Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) жұптық сындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші 1/32 финалдық кезеңінде венгериялық теннисшісі Тимея Бабошпен бірге румыниялық Моника Никулеску мен жапониялық Макото Ниномияны екі сетте 6:1, 6:1 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 4 минутқа созылды.