Мемлекеттік рәміздер күніне орай 4 маусымда «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» телемарафоны өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Телемарафонның мақсаты – Қазақстанның патриоттық рухын арттыру және азаматтарды жалпықазақстандық құндылықтар мен идеялармен таныстыру.
Телемарафонның бағдарламалық іс-шаралары мереке күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Астана әкімдігінің Youtube-каналында өтеді.
Олардың ішінде ақпараттық роликтер, мемлекеттік және саяси қайраткерлер, елдің танымал тұлғаларымен сұхбат, патриоттық іс-шаралар көрсетіледі.