• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Маусым, 2023

ЕО елдерімен өңірлік сауда көлемі 49 млрд долларға жетті 

129 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Кеңес басшыларының екінші кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің аймақішілік экономикалық байланыстары сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Өткен жылдың өзінде Қазақстанның аймақ елдерімен саудасы 19 пайызға өсіп, 8 миллиард долларды құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 15 миллиардқа жеткізу міндетін қойдық», деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Еуропалық Одақ елдерімен өңірлік сауда көлемі де серпінді өсіп келеді. Өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш 60 пайыздан астам өсіп, 49 миллиард долларға жетті.

«Бірінші кезектегі міндет - сауда номенклатурасын кеңейту арқылы экспортты ұлғайту. Қазақстан ЕО елдеріне машина жасау, темір және болат өндіру, тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда құны 2,3 миллиард доллар болатын 175 шикізат емес тауар түрі бойынша экспортын ұлғайтуға дайын», деді ел Президенті.