Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әкесіне жаңа көлік сыйлап, бала күнгі арманын орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 жастағы боксшы әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалі үшін берілген ақшалай жүлдеге әкесіне Lexus LX 570 көлігін сыйға тартты.
«Ассәлямуалейкум, Қазақ елі! Аллаға шүкір кеше асқар тау әкешіме бала кезден армандап жүрген сыйлығымды сыйладым. Ең бірінші осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір. Екінші ата-анамыздың арқасы, барлықтарыңызға жұғысты болсын», деп жазды чемпион өзінің Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в InstagramАйта кетейік, 48 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан отандасымыз Санжар Тәшкенбай финалда Грузия боксшысы Салих Аллахвердовиді 5:0 есебімен жеңді.
Боксшы Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтынды салып, әлем чемпионы болды.