• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Маусым, 2023

Астана мемлекеттік қызмет хабы тәжірибесі БҰҰ халықаралық тұғырнамасында таныстырылды

366 рет
көрсетілді

БҰҰ Оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі жоғары деңгейдегі Комитетінің 21-ші сессиясы өтті. Сессия пандемиядан кейін қалпына келтіруді жеделдету мен Оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастығы және үшжақты әріптестікке негізделген 2030 жылға дейінгі тұрақты даму тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ Оңтүстік-оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі жоғары деңгейдегі Комитеті 21-ші сессиясында Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов сөз сөйлеп, Хабтың «Шығыс Еуропа және ТМД: цифрландыру пандемиядан кейін қалпына келтіру акселераторы ретінде және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру үшін ынтымақтастық» тақырыбы бойынша тәжірибесін таныстырды.

«Осылайша үкіметтер озық мемлекеттік қызметтерді дамытып, ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейте алады және цифрлық экожүйелерді нығайтады. Технологиялардың қарқынды дамуы кез-келген теріс мақсатта пайдалану ықтималдығын болдырмайтын таза әрі ашық шешімдер қабылдауға жол ашып, сол арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі тиіс», деді Әлихан Байменов.