• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2023

Астананың жасыл белдеуінде тазалық жұмыстары жүргізілді

380 рет
көрсетілді

5 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ҚТҚ полигоны және елорданың жасыл белдеуі аумағында сенбілік өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы» жеке мекемесімен, «Астана Эко полигоны» ЖШС және «Clean City NC» ЖШС бірлесіп ауқымды тазалық ұйымдастырды.   Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шараға 500-ге жуық «Жасыл ел» еріктілері қатысты. Оларды полигон қызметкерлері үйлестірді, сонымен қатар қатысушыларға барлық қажетті құрал берілді.   «Бұл акция 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған. Бұл – қоғам назарын экология мәселесіне аударудың ерекше себебі. Әр адамның көмегінсіз алға жылжи алмаймыз, сондықтан қоршаған ортаға деген қамқорлықты жан-жақты насихаттау қажет», деді эколог Қаламқас Құлымбаева.    Еріктілер Нұрдәулет пен Бақдәулет Рысқұлбековтердің айтуынша, «Жасыл ел» жастар жобасына 100-ге жуық мектептің оқушылары жұмылдырылды. Мамыр айының басынан бастап  қаланы көркейту бойынша арнайы жұмыс істеген оқушылар тиісті жалақы алады.