Футболдан Ресей чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыста Санкт-Петербургтің «Зениті» бас жүлдені олжаласа, Мәскеудің ЦСКА-сы мен «Спартагі» күміс пен қола медальды иеленді.
Біз үшін ең қуанышты жағдай, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында еліміздің теңбіл доп шеберлері бар. Мәселен, Нұрәлі Әліп «Зенитпен» бірге чемпиондық атаққа қол жеткізді. 23 жастағы қорғаушы өзінің спорттық карьерасын Ақтаудың «Каспий» клубында бастады. Содан кейін төрт жыл «Қайратта» ойнады. 2022 жылы ол Нева жағалауында жасақталған команданың жейдесін киді. Сөйтіп, Әліп қатарынан екі жыл Ресей чемпионы атанып, Суперкубокті олжалады.
Сондай-ақ отандасымыз Бақтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында күміс жүлдегер атанды. Ол биылғы чемпионатта 21 рет алаңға шығып, 1 рет гол соқты.