• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Маусым, 2023

Бала неге өтірік айтады?

1557 рет
көрсетілді

«Баланы жастан» деген сөз бекер емес. Оның жақсы болмағы кішкентайынан алған тәрбиесіне байланысты.

Мағжан Жұмабаев «Педагогика» кітабында баланың мінез-құлығына үйдегі тәртіп пен мектептегі тәртіптің тікелей әсер ететінін айтады.

«Үй һәм мектептегі тәртіп құбылмалы болмасын, яғни ата-ананың, мұғалімнің күйіне қарап тәртіп өзгеріп отырмасын. Тәртіп өзгермейтін ізгі құлық заңдарына негізделген болсын. Болмаса, бүгін жараған іс ертең жарамайтын болып отырса, балада тәрбиешіге сенім қалмайды. Бұл – бір. Екінші, баланың жаратылысы, табиғаты тілейтін нәрседен баланы тыю дұрыс емес. Жүгіруден, ойыннан тыю сықылды. Баланың жаратылысы тілейтін нәрседен тыйсаң, бала бұл жасама тәртіпті оп-оңай бұрып кетеді. Яғни бала өтірік айтуға, алдауға үйренеді. Баланың өтірік айтуы, алдауы оны жасама тәртіп ішіне қамаудан. Маңайындағы тәртіп, тұрмыстың құрылысы баланың жаратылысына қайшы болса, бала ондай тәртіпті аттап өтеді. Үшінші, тәрбиеші мен баланың арасы өте жақын болуға тиісті. Екеуі біріне-бірі шет, жат деп қарамасын. Екеуінің арасында сенбеушілік болмасын. Бала тәрбиешіні мұңын тарқата алғандай, қуанышына ортақтаса алғандай, сырын шеше алғандай досым деп білсін. Бала тәрбиешіні осылай деп білсе, ол уақытта одан ешбір ойын, ешбір ісін жасырмайтын болады. Жасырмайтын болса, өтірік айту, алдау сықылды ұнамсыз құлықтарға орын да қалмайды», дейді Мағжан Жұмабаев.