• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қаржы 06 Маусым, 2023

Доллар бағамы бәсеңдеді

251 рет
көрсетілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) ұсынған деректерге сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесіне сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 0,89 теңгеге төмендеп, 447,71 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 6 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 448,71 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,05 теңгеден сатып алынып, 449,05 теңгеден сатылып жатыр. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,02 теңге, сату – 449,48 теңге.