• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Маусым, 2023

Елордада тағы бірнеше көше қиылысы уақытша жабылды

238 рет
көрсетілді

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында, Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында жөндеу жүргізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.

«Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуде. Осыған байланысты 7 маусымда Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съезі толығымен жабылды», делінген хабарламада.

Айта кетсек, Астана-Қарағанды тас жолы мен Қобда тұйық көшесінің қиылысында да жол төсемін жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Бұл орындағы қозғалыс 7-9 маусым аралығында ішінара жабық болады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», деп қосты әкімдік өкілдері. 

Соңғы жаңалықтар