• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2023

Қазақстанда алкогольсіз сусын өндірісі артты

178 рет
көрсетілді

2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 732,8 млн литр алкогольсіз және минералды сусын өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюро ұсынған деректерге сәйкес, аталған кезеңде өнім экспорты 23%-ға артты. Дәлірек айтқанда, 43,4 млн тонна минералды су мен алкогольсіз сусын шетелге жөнелтілді.

Бұл өнімдердің импорты да 15,3%-ға өскенін айта кеткен орынды. Жалпы 2023 жылдың бірінші тоқсанында ел аумағына 78,3 миллион тоннадан астам өнім әкелінген.