• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 08 Маусым, 2023

Алқапты цифрландыруға не кедергі?

267 рет
көрсетілді

Шаруашылық ісін жүргізу қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналып отырғаны бар. Фермерлер жеңілдетілген несие қаражатына қол жеткізсе, олар тек материалдық-техникалық базаны жақсартып қана қоймай, егістік жерлердің сапасын арттыру мүмкіндігіне де ие болар еді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол әрі сапалы өнім алуы үшін егіс даласының топырағына агрохимиялық талдауды жүргізуде бүгінгі күні отандық кәсіпкерлерден шаруашылыққа қажетті тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 мыңнан аса өтінім түскен. Әр өңірдің Ауыл шаруашылығы басқармасын қосқанда, жалпы 10 мыңға жуық өтінім беріліп, оның 2 мыңға жуығы қабылданбаған. Есесіне, 7,5 млрд теңге сомасында 2 мыңнан аса өтінім мақұлданыпты.

Мамандардың айтуынша, бұған дейін gosagro.kz порталында өтінімдердің үштен бірі қабылданбаған. Біраз кәсіпкердің мемлекеттік қолдаудан бас тартуының себебі де жоқ емес. Кейбірі бекітілген субсидия­лау қағидасына сәйкес, биылғы жылдың 1 қаңтарында күшіне енген агрохимиялық картограммалар мен алқаптарды цифрландырудағы қиындықтарды атаса, еліміздің солтүстік өңірімен салыстырғанда оңтүстіктегі шағын егістіктері бар фермерлер басым түскен.

Ауыл шаруашылық министрлігі осы жылдың 25-ші сәуірінде агрохимиялық картограммаларды пайдалану жөніндегі талапты алып тастау жөнінде түзетулерді бекітіп, жыл соңына қарай «Қазақстан ғарыш сапары «ҰК» АҚ арқылы егістіктерді цифрландыруды кейінге қалдыруды енгізді.

Осыған байланысты белгіленген мерзімге дейін фермерлер егістіктің құқықтық жағын белгілейтін құжаттарға сай, міндетті түрде түзетулер енгізулері шарт. Қазіргі таңда тиісті кестені Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан ғарыш сапары «ҰК» АҚ бірлесіп дайындау үстінде.

Жалпы, субсидия алуға облыс әкімдіктерінің тыңайтқыштарды субсидиялау тізбелері мен нор­малары туралы тиісті қаулыларының жоқ­тығы кедергі келтірген. Ал жергілікті атқа­ру­шы органдар нормативтік құжаттарды тек наурыз айынан бастап, мамыр айына де­йінгі аралықта бекіте бастаған. Мәселен, Аты­рау облысында қаулы осы күнге дейін қабыл­данбай,өңірлік әкімдіктің ақпараты бойынша құжат жақын арада бекітілетіні айтылды.

Негізінен тыңайтқыштарды субсидиялауға өтінімдерді беру «gosagro.kz» порталы­ ар­қылы толық автоматтандырылып, дерек­терді «қолмен» енгізуге болмайтыны, бұл мем­лекеттік қолдау алу кезінде адами факторларға жол берілмей, бюджет қаражатын тиімді және ұтымды пайдалануға мүмкіндік берері сөзсіз, әрине.

 Бұдан бұрын да Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау» қағидасының 65-тармағы 7) тармақшасының қолданысын тоқтата тұру туралы бұйрықтың жобасы жария талқылауға ұсынылған еді.

Министрлік минералды тыңайтқыштарға субсидия алу үшін агрохимкартограммалардың талабы жөніндегі бұйрықтың нормасы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенін және қазір толық қолданыста жұмысын жалғастырып отырғанын түсіндірген болатын. Жалпы, агрохимиялық картограммаларды ұсыну шарты тыңайтқыштарды саралап, ынталандыру үшін енгізілген. Бұл фермерлерге топырақтағы қоректік заттардың құрамын анықтап, содан соң тыңайтқыш қосуға мүмкіндік беретіні айтылған. Көп ұзамай министрлікке фермерлер топырақтың агрохимиялық құрамын жүргізуге және өздерінің картограммаларын жасауға да­йын емес екені туралы бірлестіктер мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасынан және облыс әкімдіктерінен өтініштер түсе бастаған. Осыған орай тиісті бұйрық жобасы әзірленіп, құжат уәкілетті мемлекеттік органдардың келісуіне жіберілді. Соңғы шешім заңда көзделген барлық рәсімді сақтай отырып қабылданатыны,белгіленген уақыт аралығында бұйрық нормасы агро­химкартограммалардың талабы бойынша қолданысқа енгізілетіні және субсидия алуға берілетін өтінімдер агрохимиялық картограммалар қолда болған жағдайда ғана іске асырылады.

Топыраққа агрохимиялық талдау жүргізу үшін зертханалардың жетіспеушілігінен еліміздегі Жамбыл, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңа зертханалар ашылып, қазіргі таңда 30-ға жуық аккредиттелген зертхана жұмыстарын жүргізіп отыр.

 «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруа­шы­лығы ғылыми зерттеу институты» осы бағытта үлкен жетістікке жеткен. Топырақтың үлгісін алуға арналған жылжымалы автоматты құрылғы зертханаға қажетті құралдармен жабдықталғаны және онда білікті мамандар жұмыс істейтінін де атап өткен жөн.

 Сонымен ауыл шаруашылығы саласында түйіні шешілмей, өзектілігі артып отырған мәселелер жөнінде таяуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында Агроөнеркәсіп кешені комитетінің кезекті отырысында да айтылды. Кәсіпкерлер экономика саласында бәсекелестікті дамыту жоспарын, қызметкерлердің орташа жылдық санына және кәсіпкерлік субъектілерінің орташа жылдық табысына қарай шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемшарттарын анықтау жөнінде әзірленетін тәсілдер мен ауыл шаруашылығындағы басқа да мәселелер талқыланды.

Отырысқа комитет мүшелері, 30-дан астам қауымдастық өкілдері, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Бәсекелестікті қорғау мен дамыту агенттігінің мамандары қатысты.

Жиында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің агроөнеркәсіп саласындағы қордаланған бірқатар ұсынысты атап, ведомство тауарлық-спецификалық субсидиядан кезең-ке­зеңімен бас тартуды, жеңілдетілген несиеге көшу және субсидия алушы­ларға қарсы міндет­темелерді әзір­леу мен баға бел­гілеу бойынша мемлекеттік баға реттеу жөніндегі қолданысты жою­ қа­жеттілігі ұсы­ныл­ды. Бұл ретте Агенттік өкілі қолданыстағы субсидия­лау әдісі тиімсіз екенін атап өтсе, шаруалардың бұған қатысты пікірі әрқилы. Бірі   субсидияны алып тастаған жағдайда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімі қайта қаралуы керек десе, ведомства өкілдері шаруа қожалықтары мемлекеттің субсидиясына сеніп отыруы дұрыс емесін жеткізді. Ұлттық па­лата өкілдері бұл мәселені әлі де пы­сықтап, әр са­ла­­­ның­ ерек­ше­лі­гі­не қарай қайта қа­рауды ұсын­ды. Бұ­ны­ Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Рүс­тем Құр­ма­нов­­тың да қолдағаны бар. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндіру­ші­­лерінің тарапынан қызметкерлердің орташа жылдық санына және орташа жылдық табысына қарай кәсіпкерлік субъектілерінің өлшемшартын айқындау, оларды шағын, орта және ірі топтарға бөлуде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ербол Есенеев: «Ұлттық палатаға кәсіпорындарды топтастырудағы өлшемшарттар негізінде өтініштер түсуде. Кәсіпкерлерді 5-6 жылдан бері мазалап жүрген мәселе шешімін таба алар емес. Қазіргі кезде 250 адамнан асқан жеке шаруашылық автоматты түрде ірі бизнеске ауысады. Әсіресе ауылшаруашылық саласында кейбір кәсіптер жаздық жұмысқа қосымша жұмысшыларды алады. Нәтижесінде, орта бизнес ірі бизнес категориясына өтеді. Ірі бизнес болған соң Үкімет тарапынан берілетін субсидиядан иә болмаса, басқа жеңілдіктен қалып қояды. Сондықтан осы мәселені қоғамдық талқылауға шығарып жатырмыз», деді.

Басқосу соңында Ұлттық палата ауыл шаруа­­шылығының маңызды мәселелерін әрдайым бақылауда ұстап, шаруалардың ұсы­нысын талқылауға әзір екендерін, олардың өтініштері аяқ­сыз қалмай салалық ведом­ствоға және құзыретті мем­лекеттік органдарға жолданатынын тағы бір атап өтті.