Астанада 16-18 маусым күндері өтетін «Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысына қатысатын қазақстандық спортшылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда татамиінде бақ сынайтын қазақстандық дзюдошылардың тізімі:
Ерлер:
-60 кг: Нұрқанат Серікбаев, Мағжан Шамшадин, Қанат Сейілхан, Дәурен Сюкенов; -66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Ермек Амангелді, Айболат Ыстыбай, Сұңғат Жұбатқан; -73 кг: Данияр Шамшаев, Жансай Смағұлов, Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов; -81 кг: Айбол Нысанәлі, Руслан Мусаев, Абылайхан Жұбаназар, Бекәділ Шаймерденов; -90 кг: Ермахан Ануарбеков, Мұхаммедали Мавлидов, Құдырет Досымов, Аян Байғазы; -100 кг: Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Садуақас, Бекзат Шағатаев, Ислам Бозбаев; +100 кг: Ғалымжан Қырықбай, Әділ Оразбаев, Ерасыл Қажыбаев, Мади Еділбаев.Әйелдер:
-48 кг: Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева, Жанерке Асқарова, Нұрайлым Сәрсенбек; -52 кг: Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ирмағамбетова; -57 кг: Севара Нышанбаева, Бақыт Құсақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова; -63 кг: Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анастасия Морозова; -70 кг: Анастасия Маякова, Роза Нысантайқызы, Диана Телбаева; -78 кг: Аруна Жангелдина, Назерке Тілеуханова, Маргарита Гриценко; +78 кг: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова.Елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін бұл жарысқа 45 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған.
Айта кетсек, жарысқа кіру тегін.