• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2023

Абай облысында 13 жастағы баланы пышақтап кеткен

299 рет
көрсетілді

Абай облысында пышақ жарақатын алған 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 6-маусым күні облыстық балалар клиникалық ауруханасына пышақ жарақатын алған 13 жастағы жасөспірім бала түскен. Бірақ жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.  

«Тексеру барысында жасөспірімдер арасындағы кикілжің төбелеске ұласып кеткені белгілі болды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қақтығысқа қатысушылардың барлығы анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етуге жатпайды.