• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Маусым, 2023

Жүлденің түр-түрі бар

226 рет
көрсетілді

Бұл күндері Таиландтың Райгон қала­сында шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Элиталық топта ел қор­жынына алғаш­қы жүлдені құрамында Рината Сұлта­нова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Ма­рина Кузьмина сынды спортшылары бар микстшілер командасы салды. Көп кешікпей жастарымыз 15 шақырымдық аралас эстафетада бас жүлдені олжалады. Бәсекенің бұл түрінде Алик Батырхан, Мансұр Бейсембай, Михаил Подлужный, Виктория Марчук, Екатерина Удовыкина, Евгения Заам өнер көрсетті.

Дәл сол күні паравелоспорттан да сайыс­тар өтіп, Жұлдыз Қайнарова мен Әйгерім Нұрғали тандемі және Павел Бабенко қола медальды мойындарына ілді.