• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2023

Жұлдызы жанған Жетісу

324 рет
көрсетілді

Жетісу – дербес облыс болып құрылғанда жергілікті жұрт өңірдің ертеңгі күніне қатты алаңдаған еді. Тіпті халықтың дені Қонаевқа қарай бет түзегені де белгілі. Дегенмен аграрлы өңір аз уақытта аяққа нық тұрды. Әсіресе ауылшаруашылық саласында едәуір жетістікке жетіп, инвестиция тартуда да қабілеттілігін көрсетті.

 

Әрине, бұл ілкімді істің артында облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың нәтижелі жұ­мысы жатқаны анық. Әуелі кадр мә­се­лесі қалай реттер екен деген күдік басым­ болды. Себебі жаңа аймаққа білікті мамандар ауадай қажет еді. Алматы облы­сы­на тиесілі мемлекет қызметкерлері үде­ре көшкенде, уайымымыз еселене түс­кен. Дегенмен өңір басшысы көп ұза­май қолда бар мамандармен қыруар жұ­мыс атқаруға болатынын дәлелдеді.

Осылайша, агроөнеркәсіптік кешен­, кө­лік-логистика, туризм, баламалы энер­­гетика, өнеркәсіп, оның ішінде жер қой­на­уын пайдалануды дамыту стра­тегиялық бағыттары бойынша жаңа инвес­торлар тартып, инвестициялық тар­тымдылықты арттыру мақсатында жұ­мыстар қолға алынды. Облыс байла­ныс­тырушы ре­тінде теміржол, автомобиль­, көлік-ло­гис­тика саласында үлкен транзиттік әле­ует­ке ие. Аймақтың «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» жолының ортасында транс­шекаралық орналасуы сыртқы нарық­тар­ға шығу және экспорттық әлеуетті да­мы­туға жол ашады.

 Сонымен бірге шекаралық әлеуетті пай­далана отырып Қытай инвестиция­ла­рын тарту бойынша белсенді жұмыс жүр­гізіліп жатыр. Осыған байланысты жа­қында облыс делегациясы Қытайға жұ­мыс сапарымен барып, көлік, логис­ти­ка және сауда саласы бойынша екіжақ­ты­ байланысты дамыту мақсатында іс­керлік кездесу өткізді.

Жалпы, инвестиция бойынша ны­сана­лы­ көрсеткішке қол жеткізу мақ­са­тында ай­мақта 2030 жылға дейін жал­пы­ құны 1,6 трлн теңгені құрайтын, 7 мың­нан аса жұ­мыс­ орнын құратын 148 инвес­ти­ц­иялық жо­ба пулы қалыптастырылды. Об­лыс құрыл­ған­нан бері аймаққа негізгі ка­питалға 314 млрд теңге инвестиция­ тар­тылып, 1 мыңнан аса жұмыс орнын­ құрумен 38 млрд теңгеге 47 инвес­ти­ция­лық­ жоба іске асырылды.

Сонымен бірге биыл инвестициялық ахуал­ды жақсарту мақсатында «Жеті­су­ Инвест – 2023» халықаралық инвес­ти­ция­лық форумын өткізу жоспарланып­ отыр. Жалпы, бұл бағыт­та­ғы жұмыс тұрақты бақылауға алынып, жал­ғасады.

Осы жылдың мамыр айының алғаш­қы күн­дерінен «Қорғас шекара ма­ңы ынты­мақ­­­тастығы халықаралық ор­та­­­лығы» Бас­қа­рушы компаниясы АҚ ҚР Үкіметінің пәр­менімен Жеті­су­ облы­сының құзыретіне беріл­ді. Бұ­рын тікелей Қаржы министрлігіне қарас­­ты­ халықаралық орталықтың енді жа­ңа­­­­дан құрылған Жетісу облысының эко­но­ми­калық күретамырына қан жүгір­тетіні сөз­с­­із.

Табиғаты туризмнің тұтқасына, ал топырағы қызылша мен жүгерінің ал­тын бесігіне айналған Жетісудың бұл­ ретте бағыты айқын. Мәселен, бү­гінде Алакөл, Балқаш көліне демалушылар саны еселеп артуда. Жаға­лау­дағы инфрақұрылым дамыту мақ­са­тында үлкен жобалар қолға алынып, ту­ристер үшін барлық жағдай жасалуда.­ Ал қызылша өсіруден Нұрмолда Алда­бергенов, Зылиха Тамшыбаева, жүге­рі­ собығын мәпелеуден Николай Го­ло­вац­кий мен Күләш Айтжанова секілді ең­бек озаттары шыққан өңірдің бұл са­ла­да тәжірибесі мол. Сондықтан дәл қа­зір облыста қызылша мен жүгері ал­қап­та­рын ұлғайту мәселесі қолға алынып отыр­ғаны жасырын емес. Әрине, мол нәти­же бірден қол­ға түспейді. Ең басты­сы,­ бір жылдың ішін­де ұзақмерзімді жо­с­парлардың негізі қа­лан­ды.

Жетісу облысын одан әрі әлеуметтік-эко­но­микалық дамыту Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмалары, Қазақстан Рес­­пуб­ликасының 2025 жылға дейінгі Ұлт­тық даму жоспарында белгіленген жал­пы­ұлттық басымдықтар мен міндеттер ая­сында жүзеге асырылатын болады. Об­лыста жаңа инвес­торларды тарту, өңір­дің инвестициялық тартымдылығын арт­тыру бойынша 5 стратегиялық бағыт: агро­өнеркәсіп кешенін, өнеркәсіпті, со­ның­ ішінде жер қойнауын пайдалануды, кө­л­ік-логистиканы, туризмді және бала­ма­лы энергетиканы дамыту бойынша жұ­мыс жалғасады.

Қант өнеркәсібін дамыту аясында Мемлекет басшысының Жетісу облысы­на жұмыс сапары барысында бер­ген тапсырмасын орындау мақ­са­тында 2025 жылға қарай егісті 2,9 есе­ге, жалпы жиналатын өнімді 434 мың тон­на­ға дейін, қант өндірісін 180 мың тон­наға дейін арттыру жоспарлануда. Сон­дай-ақ әртараптандырылған және иннова­­циялық экономика құру мақсаты қо­йыл­ды.

Бір жылдағы нәтижелі жұмыстарды айта берсек таңға дейін тебіренуге болады. Әлі де атқарар жұмыс шаш-етектен. Об­лыстағы серпінді бастамалар мен мен­ қолға алынған шараларды көріп, бі­ліп отырған халық әкімге өз бағасын бе­ріп қойды. Біздіңше, қарапайым ха­лық­тан асқан сыншы жоқ. Дәл қазір өңір­ басшысы Бейбіт Өксікбайұлы өңір­ тұрғындарымен жиі кездесіп, мәмі­леге келіп, аудандарға барған сапарын­да­ барынша шынайы сөйлейді. Бұл да бол­са жетісулықтарға үлкен демеу. Біз­ дәл қазір Жетісуға бір жылдың биі­гінен қарап тұрмыз, алда қанша мың­жыл­дық­тар­ қол созады.

 

Қысқамерзімді экономикалық көрсеткіш 104,1% құрады.

Салалар арасында оң өсім өнеркәсіпте байқалады, онда өндіріс көлемі 1,3% -ға (281,3 млрд теңге), ауыл шаруашылығы – 2,4% -ға (509,7 млрд теңге) , сауда – 30,4% -ға (362,5 млрд теңге) , құрылыс – 4,3%-ға (136,4 млрд теңге) өсті.

2022 жылы 16,3% -ға өсіммен 270 млрд теңге инвестиция тартылды. Осы жылдың басынан бері 44,4 млрд теңге инвестиция тартылды, НКИ – 120,9% өнеркәсіп көлемі 2,5%-ға ұлғая отырып, 330 млрд теңгені құрайды. 328 млрд теңге инвестиция (108,6%) тартылып, 322 мың шаршы метр тұрғын үй (109,0%) пайдалануға беріледі.

2022 жылы Көксу қант зауыты 70 мың тонна қант өндірді, биыл зауыт 86,9 мың тонна қант, оның ішінде 58,8 мың тонна құрақ және 28,1 мың тонна қызылша қантын өндіруді жоспарлап отыр.

Облыс құрылғаннан бастап жалпы құны 37,9 млрд теңгені құрайтын 47 жоба жүзеге асырылды, 1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

Облыста 358 елді мекеннің 192-сі газдандыруға жатады, оның ішінде 22 елді мекен газдандырылды, 288 мың адам (41,2%) газға қол жеткізді.

Облыс құрылған күннен бері 39 960 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 19 180 адам.

 

Әміре ӘРІН,

Журналистикасы академиясының академигі:

Жеріне қарай желегі

– Жұртшылық жадында қалыптасқан «Ұлытау – ұлт ұясы», «Жетісу – ел жүрегі» деген қағидаттардың дәуір лебі дәл қазір де маңдайымыздан мамыражай есіп тұр. Айтары жоқ, аумағына еуропалық әлденеше мемлекет сыйып кетер Жетісу аймағы – қасиетті де киелі мекен. Өлкенің тарихи-географиялық ұғымына ежелден Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы бөлігі де енген екен.

Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен өз алдына Жетісу облысы атанған аймағымызға жыл он екі ай толып үлгерді. Еншіміз бөлінгенмен еніміз бір, қойындасқан кеніміз бір, жыра, қырат, беліміз бір! Біріміз бау, біріміз тау бәз баяғы қалпымызда жарасымды тіршілік күйін шертіп жатқан жайымыз бар.

Жария шаруамыздың басы-қасында білікті әкім Бейбіт Исабаевтың жүргені көңілге тоқ. Есімі елге мәшһүр азамат арды ойлады алдымен, тілек қосты заңдымен. Барды бар деп айта алды, жоқты жоқ деп! Жалындыны қостады, босты бос деп! Өрелі іске дем берді төрелікпен, мың суарып ақылын көнеліктен! «Ынталы жүрек сезген сөз, бір тамырды қуалар», бұл сөзімді есті жұрт көтермелеп құп алар! Кеңесті жерде кенен іс кең ауқымда түп алар! Құтты болсын мерекең, арта берсін берекең, Жетісуым – Жерұйық, жетелі бір ел екен!

 

 Жетісу облысы