• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Маусым, 2023

Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің өкілдігі ашылады

332 рет
көрсетілді

Мұсылман ақсақалдар кеңесі - тәуелсіз халықаралық ұйым. 2014 жылы құрылған институт мұсылман қауымдастығына бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттайды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхамед Әбделсаламмен кездесті.

Екі тарап бұған дейін де Әбу Дабиде өткен толеранттылық тақырыбындағы форумда жүздесіп, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Қазақстандағы өкілдігін ашу жайын талқылаған болатын.

Бұл жолғы кездесуде Астанада өкілдіктің ашылатыны мәлім болды.

Сондай-ақ Дархан Қыдырәлі Бас хатшы Мұхамед Әбделсаламды министрліктің жетекшілік ететін салаларымен қысқаша таныстырып, толеранттылық, дінаралық татулықты насихаттау және халықаралық деңгейде бірге жұмыс істеу туралы сөйлесті. 

«Қазақстанға, өзімнің бауырлас еліме деп, қашан да ерекше қуанышпен келемін. Қонақжайлықтарыңызға зор алғыс білдіремін. Еларалық өзара тиімді қарым-қатынасқа әдеттегідей ниеттіміз», деді Мұхамед Әбделсалам.