Отандасымыз Евгений Фёдоров Районг қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 46 шақырымға жарыста мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол қашықтықты 53:28. 4 секундта жүріп өтіп, күміс жүлдегер тайбэйлік Серхио Тудан жобамен 2 минуттай озып кетті.
Қола медальді моңғолиялық Саинбаярын Джамбалжамтст қанжығасына байлады.
Тағы бір отандасымыз Игорь Чжан жүлдеге бір табан жетпей 4-орында қалды.
Жалпы жарыс жолына 19 велошабандоз қатысты.
Айта кетейік, былтыр Евгений Фёдоров Аустралиядағы әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгі жас санатында көш бастаған.