Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 адамның мәйіті табылды. Қазір қаза тапқандардың жеке басы анықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ телеграм каналына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің мәйіті табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған.
11 тікұшақ тартылды. Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.