Азаматтық авиация комитеті Пәкістанның авиациялық билігімен бірлесіп SCAT әуе компаниясының Пәкістанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейс 2023 жылғы 8 шілдеден бастап аптасына 2 рет: сәрсенбі және сенбі күндері Алматы – Лахор бағыты бойынша ұшады. Ол үшін Воеіng 737 әуе кемесі қарастырылған.
«Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасын ашу елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді», деп жазылған хабарламада.