Қайғылы оқиға Қостанай облысының Тобыл қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өлімі фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы «Мiндеттерiне адал қарамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.
Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.