Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде Қарағанды облысының өрт сөндіру машинасы жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Талица ауылында болған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Абай облысындағы өртті сөндіруге кеткен тағы бір адамның жоғалып кеткенін хабарлаған едік.