Қызылордада бес гектар аумақ өртке оранды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Өрт 12 маусым күні сағат 14:50 шамасында басталған.
«Қызыл жалын Наурыз ауданы Шіркейлі каналының жағасында шарпығаны белгілі болды. Өрт шамамен бес гектар құрғақ аумақты алып жатыр. Өрт орнына 21 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды», делінген ведомство хабарламасында.