• RUB:
    4.76
  • USD:
    439.4
  • EUR:
    473.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2023

Ерлікпен қаза тапқан 14 орманшы «Құрмет» орденімен марапатталды

337 рет
көрсетілді

«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады.

Сондай-ақ ол қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.