7 қыркүйектен бастап Алматы – Тель-Авив бағытында тікелей тұрақты жолаушылар рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша рейстер орындай бастайды.
Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.