• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Маусым, 2023

Мәулен Әшімбаев: Субсидияға триллиондап қаржы бөлінсе де импорт азаймай отыр

332 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығына триллиондаған теңге жұмсалып жатыр, алайда нәтиже жоқ. Бүгін Мәулен Әшімбаев агроөнеркәсіп саласындағы қаржыны тиімсіз пайдалануды сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы 5 жылда тек ауыл шаруашылығының өзіне 2 триллион субсидия берілді. Соған қарамастан өткен жылы азық-түлік импортының 20 пайызға өскенін көріп отырмыз. Қыруар қаржы салынып жатыр. Дегенмен, бұл жерде қауіп те жоқ емес. Ресей рублі құнсызданып барады. Тиісінше, импорттық өнім арзандайды. Осылайша біздің өнім өндірушілер тиімсіз жағдайға тап болды. Біз оқшауланған ел емеспіз, Ресеймен арада кедендік баж да жоқ. Сәйкесінше мұның бәрі бізге әсер етіп отыр. Біздің осы бағытқа жұмсаған қаржымыз, жалпы іс-әрекетіміз қаншалықты тиімді?», деп Мәулен Әшімбаев Ауыл шаруашылығы министріне сұрақ қойды.

Сенат Төрағасы бұл мәселеге қайта оралып, оны алдағы Үкімет сағатында жан-жақты талқылауды ұсынды.

16 маусымда Парламент Сенатында ауыл шаруашылығындағы экспорт және импортты алмастыру мәселелері бойынша Үкімет сағаты өтеді.