• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 16 Маусым, 2023

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті

312 рет
көрсетілді

Жиында еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бірқатар жауапты мемлекеттік орган басшыларының баяндамасын тыңдады.

Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен басқа да әскерлерін, әскери құралымдарын қару-жарақпен қайта жарақтау және қорғаныс өнеркәсібі кешенінің 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының жобасын қарастырды.

Қорғаныс өнеркәсібі, мемлекеттік қорғаныс саласындағы тапсырыс, қару-жарақ пен әскери техника айналымы, қорғаныс нысандары инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жекелеген мәселелер жөнінде жүйелі шаралар әзірленді.

Жиын қорытындысы бойынша Президент мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.