Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус дәрігерлердің, орта буын медицина қызметкерлерінің және осы салада еңбек ететін өзге де қызметкерлердің баға жетпес зор еңбегін атап өтті. ДДҰ атынан дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтып, жылы лебізін білдірді.