Қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (12-2, 5 КО) Прагада (Чехия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәукенов колумбиялық Хебер Тобармен (8-4-3, 3 КО) жекпе-жек өткізіп, оны техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша Дәулет Дәукенов кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Эбер Тобар бесінші рет жеңіліске ұшырады. Қазақстандық үшін бұл жеңіс қатарынан бесінші жеңісі болды (соңғы рет 2021 жылдың ақпанында жеңілген), ал қарсыласы бесінші рет қатарынан нокаутқа түсті. Д.Дәукенов кәсіпқой рингте 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.