Елімізде әкелер күніне орай елордадағы Ботаникалық бақта 18 маусым күні «Әке – отбасының тірегі» – open talks іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және елорда әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау, «ата-ана» идеясын насихаттау, сондай-ақ ата-ана тәрбиесіндегі әкелердің рөлінің маңыздылығын көрсету.
Айта кету керек, биыл бұл мереке алғаш рет аталып өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, Үкімет мүшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және т.б. өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.
Іс-шараға қатысушыларға арнап әкелер күніне арналған әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, мерекелік концерт және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылады.
Тіркелу 18 маусым күні сағат 10:30-дан 11:00-ге дейін жалғасады.