Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми деректерге сәйкес , Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) тұтанған өрттің жалпы ауданы 15 гектарды құрады.
«Шөп пен бұталарды шарпыған от сағат 14:00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік.