• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Маусым, 2023

Қоржында – төрт жүлде

269 рет
көрсетілді

Астанада дзюдодан Гран-Слэм турни­рі­­­ өтіп жатыр. Бұл жарыста әлемнің 42 мемлекетінен келген 450-ге тарта белді балуан бақ сынауда.

Алғашқы екі күннің қорытындысы бо­йынша Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды. 60 кило салмақта сынға түскен Мағжан Шамшадин барлық қарсыласын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл турнирде­ ол әзербайжандық Нәдір Талибов, өзбек­стандық Бахром Ботуров, тәжікстандық Мерзод Суфиев және франциялық Седрик Револды шаң қаптырды. 66 кило салмақта күрескен Ғұсман Қырғызбаевтың да елорда төрінде Қазақ елінің әнұранын шырқатуға тамаша мүмкіндігі болды. Барлық бәсекеде қарсыластарын қапы қалдырған Ғұсман финалда испаниялық Давид Гарсия Торнеден ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.

Ал 73 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Шамшаев пен Асқар Нарқұлов қола жүлдені иеленді.